Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда бетперде киген адамдар зоодүкеннен иттің тамағын ұрлап кеткен

Павлодар қаласында бетперде киген белгісіз адамдар зоодүкенге кіріп, тауарларды ұрлап әкеткен.

95380_537333c7d8d93537333c7d8dca

Сурет kakprosto.ru

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Сауда үйінің қожайыны ұрлықшылардың иттерге арналған құрғақ тамақтың екі қабын (15 келіден), сондай-ақ, жануарларға арналған астың тағы бірнеше қорапшасын алып кеткенін айтты.

Зоодүкенге орнатылған бейнебақылау камерасын қараған кезде, екінші қабаттың терезесі арқылы кірген бетперде таққан ер адамдар көрінген. Олар оқиға орнында жарты сағатқа жуық болған.

Сауда үйінің басшылығы келтірілген шығын көлемі 50 мың теңге болғанын хабарлап отыр.

Талқылау