Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда бес жастағы қызды зорлаған педофил 18 жылға сотталды

Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық соты кішкентай қызға зорлық жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды. Ер адамның жыныстық мәндегі әрекеті айыпталып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы соттың баспасөз хатшысы Светлана Маркина мәлімдеді.

KiBXniFsNqI

Сурет efcate.com сайтынан алынды

Оның мәліметінше, бұрын сотталмаған құрылыс саласында жұмыс жасайтын Павлодар қаласының 29 жастағы тұрғыны кішкентай қызды сексуалдық мәнде қорқытқан. Өткен жылдың 12 шілдесінде кешкі сағат 20.30 шамасында Генерал Дүйсенов көшесіндегі үй аулаларының бірінде ішімдік ішіп алған жігіт бес жастағы қызды көріп қалады. Ол кішкентай қызды ойнауға шақырып, адамдар жоқ жерге алып кетеді де арам ойын іске асырған.

Сот күдіктіні ҚР ҚК 121 бабының 4 бөлігі бойынша айыптап 18 жылын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге шешім шығарды.

2010 жылы кәмілетке толмағандарға көрсетілген қысым бойынша 1 қылмыстық іс қаралған. 2011 жылы бес адам қатысы бар 1 қылмыстық іс; 2012 жылы бір адам қатысы бар  қылмыстық іс; 2013 жылы екі адамға қатысты екі қылмыстық іс; 2014 жылы 6 адамның қатысуымен орын алған бес қылмыстық іс; 2015 жылы бұл көрсеткіш 8 қылмыстық іске дейін жеткен. Қазір осы жылдар аралығында айыпталғандардың барлығы 10 мен 24 жыл аралығында жаза кесілген.

«Бұл жыл басынан бергі кәмілеттік жасқа толмағандарға сексуалдық тұрғыдан зорлық жасалу фактісі бойынша қабылданып отырған екінші сот үкімі. Осы жылдың бірінші ақпанында үш бірдей қылмыскер 27 жылға (11,8 және 8 жылға) бас бостандықтарынан айырылған”, – делінген хабарламада.

Талқылау