Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда бассейнге ер адам батып кетті

Павлодарда «Толқын» бассейнінде жүзіп жүрген ер адамдардың бірі 53 жастағы Қуандық Асановтың жүрегі қысып, жағдайы ауырлай түскен. Алайда бассейн қызметкерлерінің ешбірі бұл жағдайға назар аудармай, ер адам батып кеткен.

Безымццццянный

Бұл туралы  pavlodarnews.kz тілшісі хабарлайды.

Марқұмның қызы Малика Асанованың айтуынша, «Толқын» мекемесіндегі бейнебақылау камераларындағы жазбадан бассейннің ортасында әкесінің жағдайы ауырлағанын көруге болады.

«Әкем шынжыр жолға жармасқан. Алайда біраз уақыт өткен соң судың түбіне кетіп, 10-15 минут бойы бетімен суда жатқан», – дейді Асанова

«Әкемді шомылып жүргендер көріп қойып, бассейн қызметкерлерін шақырған. Бұдан кейін өздері судан алып шығып, медициналық көмек көрсетпек болған. Өкінішке орай, тым кеш болып, әкем өмірден өтіп кетті. Бассейн қызметкерлері ТЖ бойынша нұсқаудан өтуі тиіс және шынжырға жармасқан ересек адамды көргенде қандай да бір көмек қажет емес пе екендігіне назар аударуы керек еді. Олар әкемнің өздігінен жүзе алатындығына көз жеткізуі қажет еді. Алайда ешбір құтқару шаралары көрсетілмеген. Сонда бассейн қызметкерлерінің міндеті қандай? Олар шомылушыларды бақылап, жұмыс орнынан кетпеуі керек емес пе?»,-дейді Малика.

Бұл жағдайға байланысты Павлодар облыстық ІІД былай деп хабарлады: «Қазіргі таңда 1962 жылы туған Асанов Қуандық Малкенұлының өліміне қатысты тергеу жүргізілуде. Бейнебақылау камерасы тексеріліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жазбаларда Асановтың көмек сұрап, оқыс қимылдағаны көрінбейді. Бұл іс облыстық ІІД басшылығының бақылауында»,-деген Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Талқылау