Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда екі дәрігер төбелесіп, ауруханаға түсті

Павлодарда аурухананың бас дәрігері мен денсаулық сақтау басқармасының бас маманы жанжалдасып қалды.

Оқиға денсаулық сақтау басқармасы ғимаратында болды, деп жазады Zakon.kz.

Басқарма жетекшісі Ораз Мұқашевтің айтуынша, қалалық аурухананың бас дәрігері Марлен Ахметов пен қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі және алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек қызметінің бас маманы Нарман Шахмарданов төбелесіп қалды.

“Жандалдың куәсі болған ешкім жоқ. Қызметтік комиссия құрдық Екеуі де медициналық көмекке жүгінді. Ауыр жарақаты жоқ. Бір біріне еш шағымы жоқ. Олар өзара жеке сөйлескен”, – дейді Мұқашев.

Екі зардап шегуші де қазір ауруханада жатыр. Ахметовтың жоғарғы қабақ терісі жарақаттанған. Шахмарданов жеңіл бас-ми жарақатын алған.

Төбелес болған жерде бейнебақылау камерасы жоқ. Кімнің бірінші болып ұрғанын ешкім білмейді. Комиссия тергеу жүргізіп, нәтижесін анықтап көреді. Шешіміне қарай шара қолданады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау