Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда әйел жүргізуші көлігімен су бұрқаққа түсіп кете жаздады (фото)

44 жастағы әйел жүргізуші Павлодар орталығындағы су бұрқаққа көлігімен түсіп кете жаздады. Ол жылдамдығын асырғандықтан тізгінге ие бола алмай ВАЗ-21140 көлігімен су бұрқағына келіп соғылған.

8033b62deff9a5660156aad843210c94

Суреттер: ВК

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеген. Енді жүргізушіге қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды.

г

«Жол ережесін бұзып, өзге көліктерге, жүктерге, жол мен мүліктерге залал тигізген көлік жүргізушілеріне материалды өтемақы есебінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 9 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалған», – делінген ведомствада.

Талқылау