Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда әйелді қағып өлтіріп, ізін жасырған полицейге қатысты сот үкім шығарды

Палодарда көлікпен әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орынан ізін жасырған полицей 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.

12-17

Сурет: zanmedia.kz 

Былтырғы жылдың 10 қазанында үй ауласында көлікті артқы жағымен айдап келе жатқан жүргізуші 37 жастағы әйелді қағып өлтірген еді. Зардап шегуші жедел-жәрдем қызметі көлігінде көз жұмған. Ал, жүргізуші оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.

Көлік тізгінінде 28 жастағы ІІБ-ның тергеушісі болған. Бастапқыда бұл оқиғағаға қатысты кінәні оның әкесі өз мойнына алған. Әкесі көлікті өзі жүргізгенін айтқан. Алайда, жауапқа шын кінәлі адам тартылды.

«Полицей 4 жыл бойына көлік жүргізу құқығынан және 2,5 жылға бас бостандығығынан айырылды. Сонымен қатар айыпталушыға қайтыс болған әйелдің отбасына 2 миллион теңге көлемінде моральді өтемақы төлеу міндеттелді», – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында мас жүргізушіден пара сұраған полицей сотталды

Қостанайда полицейге екі мың теңге пара ұсынған жүргізушіге 400 мың теңге айыппұл салынды

Павлодарда ұрланған көліктерді сатқаны үшін экс-полицей сотталды

Талқылау