Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда автобус салонынан жүргізушінің өлі денесі табылды

Павлодарда шағын автобустың жүргізушісі қызметтік автокөліктің ішінде өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

8388577

Фото: Алексей Мальгавко

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Сағат 11:00 шамасында Павлов көшесіндегі үйдің ауласында тұрған №4 шағын автобустың ішінен 38 жастағы ер адамның денесі табылған.

Ер адамның мұндай қадамға қалай барғаны, өлімге не итермелегенін полиция әлі анықтау үстінде. Расталмаған мәлімет бойынша, бұдан аз уақыт бұрын ол өзін басқа бағыттағы автобусқа ауыстыруды сұрапты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105 бабы 1 бөлімі негізінде қылмыстық іс қозалып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Санкт-Петербургте 32 жастағы Қазақстан азаматының өлі денесі табылды

Атырауда ер адам терезеден секіріп жарылыстан аман қалды (видео)

5 жыл кока-кола ішкен жігіт миында ісік пайда болып, буындары істемей қалғанын айтты

Астанада жантүршігерлік жол апатына ұшыраған екі қызға шұғыл түрде қан керек

Талқылау