Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда автобус мектеп оқушысын жүргіншілер жолағында қағып кетті

Павлодарда автобус жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан мектеп оқушысын қағып кетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

вм

Сурет alau.kz

“Торайғыров пен Кутузов көшелерінің қиылысында қалалық автопарктердің біріне тиесілі автобус 13 жастағы баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде оқушы ауруханаға жеткізілді”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Куәгерлердің айтуынша, қатты соққыдан бала жолдың шетіне ұшып кеткен. Полиция мәліметіне сәйкес, автобус тізгінінде 44 жастағы павлодарлық тұрғын болыпты.

“Алдын-ала деректер бойынша оқиға автобус жүргізушісінің кінәсінен болған. Бұл факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы сараптама қорытындысы шыққаннан кейін, шешім қабылданады”, – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Қазір бала облыстық ауруханада ем қабылдауда. Оның бас сүйегі жабық жағдайда зақымданған. Дәрігерлер баланың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ дейді.

Талқылау