Павлодарда арақ ішіп алған ер адам полицейді балтамен ұрды

Сәрсенбі, 11 Қаңтар , 2017 14:30

Павлодарда арақ ішіп алған ер адам полицейді балтамен ұрып өлтіріп қоя жаздады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

1080488

Фото: Public Domain

Железин аудандық жергілікті полиция қызметінің инспекторына хабарласқан Жаңа-Жұлдыз ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны үйінде төбелес болып жатқанын хабарлайды. Дереу жеткен инспектор ерегесіп жатқан екі ер адамды көреді. Полицей мәселені сөзбен шешпекші болғанымен, алайда үй иесі оған мүмкіндік бермей балта алып жүгіреді.

“Жағдайды бағамдаған полицей қосыша күш алу үшін қызметтік көлігіне қарай жүреді. Ізінен еріп көшеге шыққан ер адам қызметтік көліктің терезесін балтамен ұрып сындырады. Ал екінші соққы полицейдің сол иығына бағытталған”, – деп хабарлады ІІД.

Самбо тәсілін қолданған полицей бұзақыдан айласын асырып, оны полиция бөлімшесіне алып келеді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктінің әрекетіне қатысты ҚР ҚК 380 бабы негізінде іс қозғалуда.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте қиранды астынан бесіктегі сәбиді шығарып алу сәтінің видеосы пайда болды (видео)

Қарағандыда телефонына қарап тұрған баланы автобус қағып кетті (видео)

Атырау қаласындағы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтіріп кетті

ШҚО тұрғыны бір жыл бойы ағасының қыздарын зорлап келген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар