Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда әр төртінші аялдамада тегін Wi-Fi орнатылады

Павлодардағы 100-ге тарта аялдамада тегін Wi-Fi интернет жүйесімен қамтамасыз етілмек.

944412818.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c419500

Сурет pavlodarnews.kz

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

“Аталмыш шараны мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің арқасында аялдама павильондары қолына көшкен компания айналысатын болады. Қазіргі уақытта Сәтбаев, Кутузов, Торайғыров, Лермонтов және Ломов көшелерінде тұрған аялдамаларды жабдықталуда”, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Вадим Ковальчук.

“Қала бойынша барлығы жүзге жуық аялдамаға Wi-Fi нүктесі қойылмақ. Егер де қалада 400 аялдама бар болса, әрбір төртіншісіне тегін интеренет қосылады деген сөз. Айта кетерлігі, бейнекамералардың көптеп орналасқан жерін де қарастырып жатырмыз. Себебі, бұзақылар бірнеше күннен кейін барлығын бұзып әкетуі мүмкін. Бұрын орталық әмбебап дүкенінің маңындағы аялдамаға Wi-Fi қосқан едік, алайда дәл осындай оқиға қайталанды. Сондықтан да жабдықтатр арнайы металлдан жасалған қорапшаның ішіне немесе аялдаманың төбесіне құрылады деп ойлаймыз”, – деп атап өтті В.Ковальчук.

Сонымен қатар, мекеме басшысының айтуынша жыл сайын компания бес миллион теңгеге ескі аялдамаларды қайта қалпына келтіріп, жаңа аялдамаларды сатып алады деп болжануда.

Талқылау