Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда анасына төрт баласын 8 жылдан соң қайтарды

Павлодар облыстық соты ата-ана құқығынан айырылған әйелдің ісін қарап, балаларын қайтаруды жөн көрді.

Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Успен ауданынынң тұрғынының арызын қарады, деп жазады pavlodarnews.kz.

Әйелдің балаларының үлкені 17 жаста, кішісі тоғызда. Ол балаларынан айырылған уақытта кенжесі небәрі бір жаста болған.

Анасына  бейәлеуметтік мінез-құлқы үшін ата-ана құқығынана айырған. Кейін келіншек тұрмысқа шығып, пәтер жалдаған. Балалар үйіне өткізілген балаларына барып, қажет заттарын да алып беріп жүрді. Қазір жұмысы мен тұратын жері болғандықтан сот оның арызын қанағаттандырды.

Алайда аудандық білім бөлімінің өкілі бұл шешіммен түпкілікті келіспейді. Айтуынша, жалдаған пәтерін жөндеуден өткізу керек. Айналадағы қоқыстан тазаламаса, балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар тұрғын үй мәселесін біржақты қылу керек.

Соттың шешімімен төрт бала анасының тәрбиесіне берілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау