Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ақсақалды немересіне алимент төлеуге міндеттеп қойды

Павлодар облысының 72 жастағы тұрғыны Евгений Матвейчук қиын жағдайға тап болды. Қария осы жазда өзінің алимент төлеуі тиіс екенін білген.

апап

Бұл туралы Pavon.kz хабарлайды.

13 тамыз күні ол зейнетақысын алу үшін почтаға барған. Алайда оған тиісті ақшаның тек жартысын ғана береді. Осыдан соң ол зейнетақы төлеу орталығына келеді.

“Ол жерде маған кәмелетке толамын дегенше немереме алимент төлеп тұруым керектігі туралы сот бұйрығын көрсетті. Оның жасы 14-те. Шешім “ҚР неке және отбасы кодексінің” 152 бабына негізделген. Сот шешімі 2016 жылдың 15 қарашасында шығыпты. Мен оны сол жерде бірінші рет көрдім. Ешкім мені сотқа шақырып, шешіммен таныстырған жоқ. Аудандық сотқа шағымданып едім, олар шағымдану уақыты өтіп кеткенін айтты,” – дейді зейнеткер.

Оның адвокаты шағым түсіру уақытын ұзарту туралы өтініш берген. Алайда сот шешімінің көшірмесін қарияның өткен жылдың 31 қазанында алғаны туралы құжат табыла кетеді. Почта меңгерушісі хатты қарияның қолына табыстамағанын, бірақ қызметкерлерге бергенін айтыпты.

“Мен “ҚР неке және отбасы кодексінің” 152 бабын оқып шықтым. Онда ата-анасы еңбекке жарамсыз болған жағдайда атасы немесе әжесі немересіне алимент төлеу керектігі жазылған. Біріншіден, олардың екеуі де еңбекке жарамды. Екіншіден әжесі 18 жыл бұрын қайтыс болды. Үшіншіден, мен минималды зейнетақы аламын, оның үстіне түрлі ауруым тағы бар. Қалған 25 000 теңгеге қалай өмір сүрмекпін? Дәрі қымбат, тамақ ішу, киіну керек. Қыс болса отын, көмір түсіру қажет. Сот шешімін орындауға денсаулығым да, материалдық жағдайым да сай келмейді”, – дейді атай.

Ал облыстық сот болса, Ирина Ситникова есімді әйелдің Евгений Матвейчуктің үстінен шағым түсіргенін мәлімдейді. Әйелдің айтуынша, оның бұрынғы азаматтық күйеуі Евгениймен (72 жастағы зейнеткердің ұлы) 2003 жылы туған ортақ балалары үшін 2007 жылы алимент төлеуге міндеттеген. Әйел баласымен бірге жігіттің табысының 4/1 бөлігін алып отыруға тиісті болған. Алайда ер адам алиментті төлемей, 2015 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Шағым түскен кезде оның қарызы миллион теңгеден асып кеткен екен. Осылайша Қашыр аудандық соты әйелдің шағымын қанағаттандырып, Матвейчукті немересіне алимент төлеп отыруға міндеттейтін шешім шығарады.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды (видео)

Елімізде діни-жоралғылар бір тәртіппен өткізілетін болды

Талдықорғанда шенеунікті шапалақпен ұрған шаруа сотталып кетті

Павлодарда премьер Сағынтаевтың қолынан пәтер кілтін алған отбасы далада қалғалы тұр

Талқылау