Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда әкім құтқарған бұғы қашып кетті (видео)

Павлодар қаласында құбырлар арасында қысылып, шыға алмай қалған бұғы құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Павлодарда әкім құтқарған бұғы қашып кетті (видео)

Жылу құбырларының арасында қылысып қалған жабайы жануарды байқаған қала тұрғындары 112 нөмеріне телефон шалған. Көмек көрсетер мамандар дер кезінде келіп, қысылған аңды босатып шығара берісімен ол қалың адамдарды таптап кете жаздап қашып кеткен.

«Полицияға хабарласып, келулерін сұрадым. Ал жолдасым далаға барып, құбыр арасында жатқан бұғі екеніне көз жеткізді. Таңғы төрттер шамасы болған соң қараңғылау еді. Полиция қызметкерлері басында сенбеді», – дейді Ирина Александрова, қала тұрғыны.

View this post on Instagram

Утро. Павлодар. Олень!

A post shared by Павлодар онлайн (@pavlodar.online) on

Бұғыны құтқаруға полиция қызметкерлері, құтқарушылар, мал дәрігері, тіпті қаланың әкімі де келген екен. Қысылып қалған жабайы аңды құтқару операциясына 3 сағаттай уақыт кеткен. Жануар босатыла салысымен адамдарды шошытып қашып кеткен. Соңында бұғының бір жақ мүйізі адамға тиіп, оқиға болған жерге жедел жәрдем шақыртылған. Зақымданған адамның қабырғасы сынған болуы мүмкін деген қауіппен ауруханаға алып кеткен. Ал қауесет ақпаратқа сенсек, 300 келілік бұғы жергілікті кәсіпкерлердің бірінікі болуы мүмкін. Қазір қашып кеткен аң іздестіріліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау