Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 70 сәбидің ата-анасы екпе алудан бас тартқан

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екпе алудан бас тартқан ата-аналардың 7,1 пайызы діни көзқарастары үшін, 65,7 пайызы жеке себептерге байланысты келісімін бермеген көрінеді.

582aa14617bceекпе

Бұл туралы “Егемен Қазақстан” басылымы хабарлайды.

Сондай-ақ, 30 пайызға жуық ата-аналар екпеге сенімсіздік білдірген. Және де медициналық көрсеткіштер бойынша ата-аналар көбінесе балалары бір жасқа толғанға дейін екпеден уақытша бас тартады. Мысалы, 2016 жылы 224 ата-ана екпеден бас тартыпты. Оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, жазылған ақпараттардан да кері әсер алған ата-аналар да кездескен.

Елімізде Үкімет қаулысына сәйкес әзірленген «Ұлттық егу күнтізбесіне» орай кішкентай сәбилер туберкулезге қарсы, В вирустық гепатитіне, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, гемофильді жұқпа, қызылша, қызамық, эпидемиялық, пневмококтік басқа да денсаулыққа қажетті екпелер алады.

Облыста екпе алатын балалардың саны тіркеуде. Ал, екпе алып, екпеден асқынып ауырған, зардап шеккендер кездеспеген.

Оқи отырыңыз:

Лимонның бір бөлігін кереуетіңіздің жанына қойып қойсаңыз не болады

Нанның көгерген тұсын алып тастап жеу керек пе, әлде тастау керек пе?

Бауырыңыздың ауырып қауіпті күйге түскенін бойыңыздағы 15 белгіден білуге болады

Бүйректің қызметін бұзып зиянын тигізетін 8 дәрі

Талқылау