Павлодарда 63 жастағы Германия азаматы оқушы қыздарға азғындық әрекет жасамақ болды

Бейсенбі, 19 Қазан , 2017 17:08

Павлодарда 4 және 7 сынып оқушыларын арбап, құрығына түсірмек болған Германия азаматы ұсталды.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.

Полиция мәліметінше, “ұсталған ГФР азаматы тұтқындалмаған. Қсталғаннан кейін ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Оған мемлекет шекарасынан шығуға тыйым салынды. Ер адам тергеушілердің шақыруына келіп, тергеу шараларына қатысып жатыр. Сот алды тергеу жалғасуда”.

63 жастағы азамат кәмелетке толмаған балаларға азғындық жасамақ болды деген күдікпен ұсталды. Ол үйге қайтып келе жатқан 4 және 7 сынып оқушысына тиіскен. Ол балаларды дүкенге ертіп барып өзіне телефон, ал балаларға балмұздақ алып беріпті. Содан кейін көпқабатты үйдегі жалдаған пәтеріне әкеліп, оларға жыныстық қысым көрсетпек болған. Бірақ, балалар бір жамандықты сезініп лифт арқылы түсіп кетеді. Ал ер адам болса баспалдақпен жүгіріп, олардың ізінен қуған.

Лифттің есігі бірінші қабатқа келген кезде бұғатталып қалып, балалар шыға алмай жылап, көмек шақырады. Оларды сол подъезде тұратын қыз құтқарған. Ол кірген кезде ер адам оған да тиісе бастайды. Ол қызға дос болып, бірге сыра ішуді ұсынған. Бірақ, қыз сыртқа шыққаннан кейін телефон арқылы ата-анасын шақырады. Қыздың әкесі шетел азаматын полиция келгенше жібермей ұстап тұрған.

Белгілі болғандай Германиядан келген 63 жастағы ер адам үш күннен кейін кері қарай ұшуы тиіс болған. Ол қаладан алты тәулікке пәтер жалдаған екен.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегіне қалай түскенін айтып берді

Өзге ағымдағы қазақ жігіті жарылыс жасап шаһит болу жоспары жайлы айтты (видео)

Үш ай сайын некесін қидырған ақтөбелік келіншек жат ағымға қалай түскенін айтып берді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар