Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 6-қабаттан құлаған бүлдіршінді жолаушы ер адам құтқарып қалды

Павлодарда 5 жастағы қыз бала 6-қабаттан құлап кетті. Ер адам оны қалай құтқарып қалғанын айтты.

Оқиға 20 қазан күні болды. Қыз бала ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп жазады Sputnik.

Бүлдіршін 41 жастағы Александр Жұмабаетың арқасында аман қалды.

“Мен әйелімді құтіп алмақ болдым. Күн жарық еді. Төбемнен терезе торы құлап түсті. Жоғарыға қарасам, бүлдіршін құлап келе жатыр. Оған ұмтылғаныммен үлгере алмадым. Ол бұталарға ілініп, кейін жерге құлады. Барсам қозғалып, тыныс ала алмай жатыр. Оны етбетінен жатқызып, мұрнын жауып, жасанды дем бердім. Ол тыныс алып, бақырып жылады. Жедел жәрдем шақырдым”, – дейді Александр.

Куәгерлер бүлдіршінге анасын жақындатпай қойған. Оның денесі жарақаттанған болуы мүмкін еді.

Қария күртесін шешіп қыздың үстіне жапты. Ол іш киіммен болған. Анасы жүгіріп, жылап келіп құшақтамақ болды. Бірақ біз омыртқасына зақым келеді деп қозғалтпай қойдық. Кейін бірге ауруханаға бармақ едім, полицейлер тыйым салды. Түнімен ұйықтай алмады. Аман ба, тірі ме деп ойладым”,-  деді ол.

Александр мамандығы бойынша көлік жүргізушісі. КамАЗ айдаған. Қазір жұмыссыз.

ДСБ мәліметінше, бүлдіршіннің жағдайы қалыпты. жоғарғы ерні жырылған. Бас-ми жарақатыналған болуы мүмкін.

Александр Жұмабаев қыз баланың жағдайын білу үшін ауруханаға барып қайтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау