Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 5 жасар қызға азғындық жасауға әрекеттенген балабақша қызметкері қамауға алынды

Ұсталған 40 жастағы ер адам мекемеде аула сыпырған екен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: СуперОмск

Бұл жағдай қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болды. Күдікті арам ойын мекемедегі дәретханада жүзеге асырмақшы болған көрінеді. Мұны 5 жасар қыздың өзі баяндап берген. Ал балабақшадағылар бұл жайтқа қатысты жұмған ауыздарын ашар емес. 40 жастағы күдіктіні ұстап алған полицейлер қазір тергеуді бастады. Аула сыпырушысының кінәсі дәлелденсе, ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

“Ата-аналардың шағымы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың айтуынша, балабақшаның аула тазалаушысы кішкентай қызға азғындық әрекет жасамақ болған. Бұл дәйекке қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, күдікті екі айға қамауға алынды”, – дейді Павлодар облыстық прокуратурасы басқармасының бастығы Бейсенбек Әлиев.


Жіберіп алмаңыз:

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта газ жарылысынан 6 адам зардап шекті

Теміртауда ер адам 2 жасар қызын жауыздықпен өлтірді деген күдікке ілінді

Алматыда ер адам тамағы орылып қансырап жатқанда өзін емханаға жеткізген джиптегі үш жігітті іздеуде (фото)

Өскеменде 2 жасар бала өртенген үйден шыға алмай мерт болды

Талқылау