Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 5 жасар бала көше мысықтарына арнап жылы үйшік тұрғызды

Павлодардағы Баймолдин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында қаңғыбас мысықтарға арналған екі қабатты үйшік салынған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

65464

Ағаш тақтайшалардан жасалған үйшік жылу ұстайтын материалдармен қапталған. Ал оны құрастырған небәрі 5 жасар бала екен. Баланың анасы Любовь Топольдің айтуынша, мысықтарға арналған үйшік жылы болу үшін барлық жағдай жасаған.

20161121182349

“Ратмир ауладағы мысықтардың бәрін үйге алып келгісі келді. Олар тоңады деп аяп жүретін. Ал бізде мысық бар үйде. Сосын мәселені шешу жолын іздеп, ақыры ұлымыз екеуміз оларға үйшік салып береміз деп келістік. Мен интернеттен түрлі нұсқаларды іздедім, көбісі картонды қорапшадан салуды ұсынады. Ал біз ағаштан жасадық. Ратмир өзі атсалысып, шегелерін қағып шықты”, – дейді анасы.

Оқи отырыңыз:

Қызылорда облысының тұрғыны қара суықтан қорғанудың тың тәсілін тапты

Ақтаудағы 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің ағасының өліміне қатысты деректер шықты

Бүкіл Қазақстанды алдаған “жалғызбасты әке” отбасын тастап кетті

5 жасар ауыл баласы елбасыға үндеу жолдады (видео)

Талқылау