Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 46 жастағы жоғалған әйелді балалары іздеп жатыр

Павлодар қаласына бір жыл бұрын Качир ауданы Тереңкөл ауылынан көшіп келген 46 жастағы әйел жоғалып кетті.

35_main

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Бұл туралы агенттікке жоғалып кеткен Сәбира Сәрсикееваның ұлы Михаил Юркевич мәлім етті.

«Біз тұрған жатақхананың кезекшісінің айтуынша, анам 6 мамыр күні таңертеңгі сағат 10-да шығып, үйге оралмаған. Мен 5-7 мамыр аралығында жұмыс бабымен Качир ауданы Тереңкөл ауылында болдым. Қалаға оралғаннан соң анама хабарласқан едім, алайда оның телефоны сөніп тұрды. Барлық туысқандарымызбен, таныстарымызбен сөйлестім, өкінішке орай, анам олармен де байланысқа шықпаған. Апамның өзі анамыздың бірнеше күн үйге келмегенін менен білді. Оңтүстік полиция бөліміне барып, өтініш жаздым. Бүгін анамыздың жоғалғанына 12 күн болды, әлі де олардан хабар жоқ», – деді Юркевич.

Михаилдың айтуынша, соңғы жарты жылда Сәбира Сәрсикеева «Мария» дәмханасында жұмыс істеген.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте студент қыз жоғалып кетті

Талқылау