Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 4-қабаттан құлаған алты жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Павлодарда алты жастағы қыз бала көпқабатты үйдің терезінен құлап кеткен.

ысыс

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Баланың жоғарыдан құлағынын растаған Павлодар облыстық ІІД хабарлауынша:”2011 жылы туған кәмелет жасқа толмаған қыз бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол ауруханаға орналастырылды. Баланың анасына қатысты ҚР ҚК 140 бабы – «кәмелет жасқа толмағанды тәрбиелеуде өз міндетін орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды”.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта қыз бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

“Оның кеуде қуысы сынған, сондай-ақ жамбасы қатты жарақаттанған. Әзірге жағдайы ауыр. Кеше аяғына ота жасалды. Ертең дәрігерлер тексеріп, науқасты жансақтау бөлімінен палатаға ауыстыруды немесе денсаулығы оңалғанша жансақтау бөлімінде қалдыру туралы шешім қабылдайды”, – деді баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Оқи отырыңыз:

8 жасар қызды педофилден құтқарған оқушы тегін оқудан бас тартты

Талдықорғандағы Назарбев мектебінде 18 оқушы астан уланып қалды

Жамбылда шетел жүргізушілерін тонаған полицейлер сотталды

Үйлері су астында қалған ақтөбеліктер биліктен жаңа пәтер талап етіп жатыр

Талқылау