Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 11 жасар баланы жүк көлігі қағып өлтірді

Павлодарда аялдамадан түсіп, автобустың алдынан шығып жолды кесіп өтпек болған ер баланы жүк көлігінің жүргізушісі байқамай қалса керек. Оқушы сол жерде тіл тартпай кетті, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

Оқушыны әке-шешесі автобусқа мінгізіп, Ленинский кентіндегі ата-әжесіне жалғыз жіберген екен.

Жантүршігерлік оқиға кешкі сағат жетілер шамасында болды. Аялдамадан түсіп, автобустың алдынан шығып жолды кесіп өтпек болған ер баланы жүк көлігінің жүргізушісі байқамай қалса керек. Оқушы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал жеткіншекті абайсызда қағып кеткен 38 жастағы азаматтан қолхат алынып, тергеу аяқталғанша бостандықта жіберілді.

Талқылау