Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда үзілген электр сымы тура жедел жәрдем көлігінің үстіне түсті

Павлодарда үзілген электр сымы тура жедел жәрдем көлігінің үстіне түскен. Құдай сақтап, іште отырған дәрігерлер аман қалды. Ал қаладағы жалғыз реанимобильге айтарлықтай зақым келген деп хабарлайды КТК.

skoray-620x370

Павлодардағы су жаңа медициналық қондырғылармен жабдықталған жалғыз реанимобиль осы. Екі жылдан бері талай адамның өмірі құтқарылған автокөлік қазір қаңтарылып тұр. Кезекті шақыртумен шұғыл аттанған дәрігерлердің машинасына қуаты 380 вольт электр сымы құлап, зақымдаған. Қайта, іштегі дәрігерлер дін-аман.

“Жедел жәрдем көлігінің үстіне жоғары кернеулі сым құлағанда дәрігерлер шошып қалған. Тоқ соқпай аман қалғандарына шүкір. Негізі сым өткен аптадан бері осылай салбырап тұрған екен”, – деді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы төтенше жағдайлар штабының басшысы Сергей Артамонов.

Реанимобильдің бірінші кезекте дабыл қаққышы сыныпты. Онсыз қозғалуға рұқсат жоқ. Сондықтан дәрігерлер қазір санитарлық көліктерге мініп, жұртқа қызмет етуді жалғастыруда. Ал энергетиктер медициналық көліктің төбесіне түскен кабельге қатысымыз жоқ деп «ат-тондарын ала қашты».

“Құлаған сымдар көше бойында орналасқан «Алатау» көлік жуу орталығына тиесілі. Сондықтан бұған осы мекеменің иесі жауапты. Бұл оқиғаның бізге еш қатысы жоқ”, – дейді «Павлодарэнерго» АҚ бөлім басшысы Асқар Шөмшеков.

Көлік жуу орталығының иелері кеше ғана жедел жәрдем көлігінің үстіне құлаған электр сымдарын қайта тартып үлгерген. Ал дабыл қаққышы істен шыққан реанимобиль ішінде болған дәрігерлер енді кәсіпкерден көліктің зақымданған жерлерін де жөндеуді талап етпекші.

Талқылау