Анасы дүкенге кеткен: Павлодарда үшінші қабаттан құлап кеткен екі жасар бала аман қалды (видео)

Павлодарда екі жасар бала тұрғын үйдің 3-қабатының терезесінен құлап кетті. Абырой болғанда, ол аман қалды. Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті, деп жазады Stan.kz.

Павлодарда үшінші қабаттан құлап кеткен кішкентай бала аман қалды (видео)

Instagram желісінде жарияланған видеода куәгерлер Павлодарда кішкентай баланың үшінші қабаттан құлап кеткенін түсіріп алған. Терезеден құлап кеткен бала тұрғын үйге жанама салынған құрылыстың шатырына құлады. Ол аман қалған. Видеода баланың жылап отырғаны, ересектердің оны құтқаруға тырысып жатқаны байқалады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичный Павлодар (@ti.pavlo)

Павлодар қалалық полиция департаменті Stan.kz ақпарат агенттігіне оқиғаны растады. Аталған факт Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Ведомство мәліметінше, оқиға қалада түскі уақытта орын алған. Екі жасар бала терезенің алдына шығып, терезені ашып, құлап кеткен. Бұл кезде баланың әкесі жұмыста болған. Ал анасы дүкенге шығып кетіпті.

“Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жағдайы қанағаттанарлық. Ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – дейді полиция департаментіндегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр