Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда үш жігіт жас қызды зорлағандары үшін сотталды

Екібастұздық үш жас жігіт: 18 жастағы колледж студенті, қалған екеуі 17 жаста және олардың бірі студент бірі жұмыссыз біргелікте жас қызды зорлаған.

Statue of justice on a black background. Gavel and law book in the foreground out of focus.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Үш жігітті Павлодар облыстық ауданаралық соттың судьясы Светлана Маркина қылмыстық істі қарау кезінде кінәлі деп үкім шығарған.

Үш азамат 2015 жылдың 20 шілдесі күні жас қызға спирттік ішімдік ішкізген. Олар қыздың мастығын пайдалана отырып зорлық көрсеткен.

Сот төрешісі жауапқа тартылғандардың үшеуі де өз кінәларын мойындаған деп отыр. Олардың бірі 6 жылға жалпы режимдегі түзету мекемесіне жабылған. Уақытша тергеу абақтысында жатып 18-ге толған жігіттердің бірі 6 жылға сотталған. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтемек. Жасы ең кіші қылмыскер 5 жыл 6 айға жалпы режимдегі түзету колониясына қамалған.

Сот үкімі оқылғаннан кейін кепілмен ботандықта жүрген екі азамат бірден қамауға алынған. Қазірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау