Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар жастары үнділердің діни «Бояулар мерекесіне» барынша дайындалып жатыр

Ертең 16 шілде күні қаланың 55 жылдығына орай Ақсуда 200-ге жуық адам қатысатын «Холи фестивалі» өтеді,- деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

мереке

Шараны ұйымдастырып отырған Ақсу қаласының жастар бастамаларын дамыту орталығы агенттікке мәлім еткендей, аталмыш мереке облыста алғашқы рет өткізіледі.

«Холи мерекесі Үндістанда тойланатын ең танымал мерекелердің бірі. Көбінесе оны «Бояулар мерекесі» деп атайды. Ол барлық қатысушының көңіл күйін көтереді. Фестивальға Алматы қаласынан 14 келі арнайы бояу әкелінді. Біздің облыста осындай бояу жоқ екен. Ол құрғақ және тез жуылып, киімде дақ қалдырмайды. Жалпы жеті түсті бояу болады. Фестивальға қатысқысы келетіндер ақ жейде киіп келуі керек», – деді жастар орталығының басшысы Еркебұлан Күнтуған.

 

 

Талқылау