Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар жағажайындағы 1,5 метрлік жылан жұртты шошытты

Павлодардың орталық жағажайында қала тұрғындары өрмелеп жүрген жыланды көрген,- деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

жылан

Павлодар қаласының тұрғыны Иван Семенов өзінің Instagram парақшасында жыланның суретін жариялаған. –  Біз жұбайымызбен бұл күні жағажайда кешкі уақытта қыдырып жүрдік. Бір кезде адамдардың бір жерде жиналып қалғанын көріп, сонда бардық. Енді қарасақ, 1,5 метрлік жылан баспалдақтың үстіне қарай көтеріліп келеді екен. Біз оны астына түсіреміз деп ойладық, бірақ бір жігіт жақындап, жыланды ұстап, алып кетті. Мүмкін өзінің үйіне апарған шығар, – деді Иван Семенов.

Павлодар қаласы орман және жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің директоры Аждар Жүсіповтің айтуынша бұл жай ғана сужылан. –  Жыландардың бұл түрі адам үшін улы емес. Ол Ертіс өзенінен шыққан болар. Бұл мәселеге қатысты дабыл қағудың қажеті жоқ. Негізі, олар Лебяжі ауданында көптеп кездеседі. Бұл ауданда «Жыланды тау» атты жер бар. Осында сужыланның 300-ден астам түрі мекендейді, – деді Аждар Жүсіпов.

Талқылау