Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар тұрғыны YouTube-тегі видеосынан кейін “Пусть говорят” шоуына шақыртылды

Павлодар қаласының тұрғыны өзінің биі таспаланған YouTube желісіне салынған видеодан кейін “Пусть говорят” шоуына шақырту алды.

0

Фото: pavon.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мәншүк Бұқаева әлеуметтік желілерде тараған би видеосынан кейін барша Қазақстанға танылды. Аталған видео аз уақыттың ішінде көптеген көрілім жинап, Андрей Малаховтың “Пусть говорят” бағдарламасының “Аффтар жжот” арнайы жобасының ең танымал видеолар тізіміне енген. Отандасымыздың қатысуымен болған бағдарлама маусымның 8-і күні көрсетілген.

“Бағдарлама мен көрші елге саяхаттан ерекше әсерге бөлендім. Әрине, биім таспаланған видео әлеуметтік желіге тарап кетеді деп күтпедім. Көрген соң қызымнан алып тастауын сұрадым. Алайда ол оның әлдеқашан кеңінен таралып үлгергенін айтты.

Көп көрілім жинап, лүпіл басылды. Жағымды да жағымсыз пікірлер жазылды. Алайда мұның барлығы көңілімді бір сәтке де мұңайтқан емес. Қуана-қуана биледім”, – дейді Бұқаева.

51 жастағы әйел кәсіби би үйрететін арнайы үйірмелерге бармағанын айтады. Мұның барлығын жастарға қарап үйренсе керек. Ал видео өткен жылдың күз айында түсірілген екен.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық үш бүлдіршін “Пусть говорят” ток-шоуында “жарды”

Алматылық үш бүлдіршін қыз «Пусть говорят» бағдарламасына қатысу үшін Мәскеуге аттанды

Жарты ғасырдан кейін анасын тапқан қазақстандық «Пусть говорят» телешоуына шақырылды

Алматылық әпкелі-сіңлілер «Пусть говорят» бағдарламасынан көрсетілуі мүмкін (Видео)

Талқылау