Павлодар тұрғыны ұрлаған көлікпен қашып, полицияны әбігерге түсірді

Сейсенбі, 5 Желтоқсан , 2017 19:30

Павлодар полициясы жылдамдықты шектен асырып жүйткіген мас жүргізушіні ұстаған.

Бұл туралы қалалық ІІБ қызметі хабарлады.

4 желтоқсан күні таңғы сағат 4:30 шамасында Toyota Carina көлігінің ұрланғаны жайлы ақпарат келіп түскен. Осы көліктің жоғалғаны бойынша қаладағы бүкәл полиция қызметкерлеріне ақпарат жеткізілген, ұстау операциясы да жоспарланған. Іздеуде жүрген көлікті көрген полицейлер тоқтатуға тырысқан.

Бірақ, жүргізуші бағынудан бас тартып, қашуға тырысқан. Полицейлер ұралнаған көліктің соңына түсіп жарықпен, дауыс зорайтқышпен жүргізушіге тоқтауды бұйырған. Жүргізуші өзгелердің өміріне қауіп төндіре отырып жүйтки түсті.

«Полиция көлігіне соқтығысқаннан кейін барып ұры тоқтауға мәжбүр болды. Қаланың 27 жастағы тұрғыны осы ісі ұшін  уақытша тергеу абақтысына жабылды»,-делінген ІІБ хатында.

Дәрігерлер оны тексеру кезінде орташа деңгейде мас болғанын анықтаған.

Күдіктіге қатысты сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күдіктіге қатысты көлік ұрлау, жол ережесін сақтамау, полиция бұйрығына бағынбай айыптары бойынша іс қозғалды. Ол екі көлікті соққаны үшін өтемақы төлейтін болады.

Оқи отырыңыз:

Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты

Біле жүріңіз: Жол полицейі тоқтатқанда ұстанатын ережелер

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар