Павлодар тұрғыны өлген әкесінің денесін төрт ай бойы балконда сақтаған

Сәрсенбі, 17 Мамыр , 2017 7:49

Павлодар тұрғыны төрт ай бойы өлген әкесінің денесін балконда сақтап келген. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

1492569

1 май көшесіндегі №14 үйдің тұрғындары бесінші қабаттағы пәтерден шығатын жаман иіске байланысты шағымданады. Оқиға орынына келген полиция мен құтқарушылар есікті ешкім ашпаған соң бұзып кіруге мәжбүр болған. Үйдің ішінде болған мас ер адам тәртіп сақшыларын көре салысымен балконнан секіріп кетіп бірінші қабаттағы дүкен үстіне құлайды.

Секіріп кеткен ер адам үй иесінің 52 жастағы ұлы екен. Ол әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ал полицейлер мен құтқарушылар балконнан полиэтиленді қаптамаға оралған 77 жастағы үй иесінің денесін табады. Белгілі болғандай қария биылғы жылдың қаңтар айында қайтыс болған. Бірақ ұлы бұл туралы ешкімге хабарламай мәйітті балконда сақтап келіпті.

“Оның неліктен бұлай істегені қазір анықталып жатыр. Осыған байланысты сараптамалар жасалады”, – деді баспасөз қызметі.

Расталмаған ақпарат бойынша, ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында белгісіз бір топ қарулы адам бүтіндей бір отбасына оқ жаудырған

Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Оралда депутат мұз айдынға шығып төбелесті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Зейнетақысына арақ алып ішіп келген ғой, басқа себебі жоқ деп ойлаймын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар