Павлодарлық адамды ұрып өлтірген жігіттің ізіне түсіп, полицияға ұстап берді

Жұма, 13 Мамыр , 2016 16:03

Бір адамды соққының астына алған күдіктіні байқап қалған Павлодар тұрғыны полицияға хабарласып, із суытпай ұстауға көмектескен. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

1451192029_a

Сурет matritca.kz

ІІД ақпараты бойынша кешкі сағат 22.00 шамасында облыс орталығында Камзин көшесіндегі көпқабатты үй ауласында ер адамды ұрып жатқанын хабарлайды. Оқиға орынына жеткен полицейлер тек қатты соққыдан көз жұмған ер адамның денесін тапқан. Төбелеске куә болған әйел, күдіктінің қалай қарай кеткенін, бет-әлпеті қандай екенін айтып береді.

“Ауданды айналып шыққан тәртіп сақшылары Камзин-Гагарин көшелерінің қиылысында жас жігітті көреді. Оның киіміндегі қан іздері де күдік тудырады. 22 жастағы күдікті ұсталып дереу полиция бөлімшесіне жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Күдіктінің әрекетіне байланысты ҚР ҚК 106 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

“Оқиғаға куәгер болған әйелдің арқасында күдікті жасырынып үлгерген жоқ”, – дейді полиция өкілдері.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар