Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлықтар аулада таяқ жеп танылған қаңғыбасқа жаңа өмір сыйлады (видео)

Павлодар тұрғыны даулы роликтің кейіпкеріне жаңа өмір сүруге мүмкіндік сыйлады. Бір ай бұрын қайыршыны жас жігіттің еш себепсіз ұрып-соққаны туралы айтылған еді. Бұл істі көрген қалалықтар өкініш білдіріп, ер адамға көмек көрсете бастаған. Енді Владимир Миличенко жарқын болашаққа жаңа жоспарлар құруға кірісіп кетіпті.

144444

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бір ай бұрын Владимирді оның бұрынғы үйінің тұрғындары ғана танитын. Ол адамдар үшін көшеде қоқыс теріп, қайыр тілейтін жан еді. Енді ол – танымал адам. Оған көмектесіп, қол ұшын созып жатқан адамдар баршылық.

“Күнделікті картон жинап, өзімнің лашығымда күн кешемін. Өзім Омск қаласында туылдым. Павлодарға әкелгеніне 6 жыл болды”, – дейді Владимир.

Бір ай бұрын Павлодардағы көпқабатты аулалардың бірінде болған оқыс оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Онда жас жігіт орындықта отырған кәрі кісіге келіп, есінен танғанша ұра берген. Қайыршыға бұлайша қоқан-лоққы көрсеткен бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Анасы мен үйінен айырылған Владимир өзінің бұрынғы үйінің жанына келіп, отырады екен. Ал Алексей Кот есімді азамат Владимирді бастан-аяқ киіндіріп, ол үшін баспана дайындап, тіпті ұялы телефон да алып берген.

“Бірнеше жылдан бері ол бірінші рет ауруханада тексеруден өтті. Қазір біз оның құжаттарын қалпына келтіруге тырысып жатырмыз”, – дейді Алексей Кот.

Біраз жылдардан бері Владимирде тіпті жеке куәлік те болмапты. Құжаттарын реттегеннен кейін Владимир әпкесін тауып алғысы келеді.

Талқылау