Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар тұрғыны есігін ашқызу үшін полицияны үйге бомба қойылған деп шақырған

15 қаңтар күні Павлодар қаласының полицей бөліміне пәтерлердің бірінде бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат келеді. Кейін белгілі болғандай, ол көршісі үйіне кіре алмағандықтан есік ашып беру үшін жалған ақпарат берген.

photo_28172

Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған мекен-жайға дабыл қызметкерлері жетіп, хабарласқан 39 жастағы азаматты ұстады. Ол бұрын құқық бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Азамат көршілерімен бірге өзінің пәтерінде ішімдік ішіп отырған. Біраз уақыттан соң, көршілері үйіне қайтып ктетеді. Алайда шамалы уақыт өтпей үйіне кіре алмаған соң қайтып келеді. Олардың анасы есікті ашпай қойған екен. Ал, кілтті өздерімен бірге алып кетпеген көрінеді. Күдікті 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді. Олардың келіп ашып беретінін айтқан. Кейін осы нөмірге өзі хабарласып, пәтер ішінде бомба бар деп жалған хабар береді.

Ойдан құрастырылған оқиғаға сәйкес жалған ақпарат тарақаны үшін ҚР ҚК бабы бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Құқық қорағушылар террорлық әрекетке қатысты жалған ақпарат таратқандар қылмыстық және метериалды жауапкершілікке тартуға ерекше көңіл бөлуде.

Талқылау