Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық автобус жолаушысын террористпен шатастырып, полиция шақыртты

Павлодар тұрғыны автобус жолаушыларының бірін Ақтөбедегі атысқа қатысты іздеуде жүрген терроршымен шатастырып, полиция шақыртқан.

3a4499a4c30d6f082d254099c90f2c24_Generic

Сурет: www.metrodemaracaibo.gob.ve 

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, Ақсудан Павлодарға жол жүріп бара жатқан жолаушы әйел автобус жолаушысын Ақтөбедегі атысқа қатысты БАҚ-та жарияланған терроршылардың біріне балап, бұл туралы WhatsApp желісі арқылы күйеуіне айтқан. Күйеуі полицияға хабарласқан.
Полицейлер күдік туғызған жолаушысы бар автобусты тоқтатып, ер адамды жанындағы екі танысымен бірге полиция бөлімшесіне алып кеткен. Алайда, олар құжат бойынша Павлодар тұрғыны болып шыққан. Және Ақтөбедегі террорлық әрекетке еш қатысы болмаған. Сондықтан оларды үйіне қайтарды.

Талқылау