Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар тұрғыны үйінде 140 келі есірткі сақтаған

Павлодарлық полицейлер оңтүстіктен әкелінген көп мөлшердегі есірткелік өнімді тарататын арнасы ашылды.

173

Антиесірткілік шара барасында 55 жасар жергілікті келіншек ұсталды. Ол ҚР ҚК 259 баптың 2 тармағы бойынша бұрын сотталған екен. Итпен іздестіру барысында үйден 140 келі марихуана табылды. Сонымен қатар күдікті ретінде 43 жасар Жамбыл облысының тұрғыны қамауға алынды.

 
18 қарашада, тұрғындардық қырағылығының арқасында полицейлер Жамбыл облысы, Шу ауданынан үлкен мөлшерде марихуананың тасымалдайтыны анықтады. Және жүкті күтіп алып, осы аймаққа аз мөлшерде тарататын адамы да табылды. Нәтижесінде барлығы ұсталды. Полицейлердің айтуынша, бір жолға пайдаланатын 40 мыңға жауық марихуана тәркіленген. Оның құны 200 миллион теңге тұрады.
Күдіктілер болған көліктен 50 келі марихуана тәркіленді. Екі қылмыскер де есірткі шеккен болып шықты. Оларды ҚР ҚК 297 баптың 3 тармағы бойынша сотқа дейін тергеу жұмыстары жүргізілуде, кінәсі анықталса оларды 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырады.
 
 
Талқылау