Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда Ресей Федерациясы іздеу жариялаған күдікті қолға түсті

24-желтоқсан күні Алтай өлкесінің Славгород қаласында 22 жастағы азамат зейнеткердің пәтеріне ұрлық жасап, көлемі 200 мың рубль шығын келтірген.

1434177852_1434174879_4

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Іздеу жарияланған күдіктіге қатысты ақпарат Павлодар облысының аудандарына таратылды. “Нәтижесінде «Шевролет» автокөлігін тізгіндеген Шарбақты ауданының тұрғыны ұсталды. Жүргізушінің айтуынша, ол күдіктіні Павлодар қаласындағы сапаржайдың маңында қалдырып кеткен. Бұдан кейін ақпараттандырылған тәртіп сақшылары ұрыны қолға түсірді. Көлік полициясының қызметкерлері күдіктінің жолын бөгеп, Павлодар әуежайында ұстады», – деп жазылған хабарламада.

Ұсталған азамат Қазақстан Республикасы Алматы қаласының тұрғыны. Ол Алтай өлкесінің Славгород қаласында жасалған ұрлыққа қатысы бар деп танылуда. Осылайша, павлодарлық тәртіп сақшылары қырағылығының арқасында күдіктіні бір күн ішінде ұстап, ресейлік әріптестеріне көмек қолын созды.

Талқылау