Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев жұбайын алтыншы баланы тууға көндіруде

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев жұбайын алтыншы баланы тууға көндіруде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

20151218_152612.e8e29a005ae6f678cf2324ae5600701d15271

Бұл туралы аймақ басшысы бүгін Майра көшесі 27/2 мекежайы бойынша бой көтерген тоғызқабатты үйдің кілтін табыстау рәсімінде, №23 үйге қонаққа кіргенде айтты.

– Бүгін «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында 180 үй өз иелерін тапты. Биылғы жылы Павлодарда 82 мың шаршы метрге үй салынып, 216 пәтер қолданысқа берілді. 108 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Келер жылы Сарыарқа шағын ауданындағы төрт тұрғын үйді тұрғындарға тапсырамыз, – деді Бозымбаев.

Кейін облыс әкімі №23 пәтерге келіп, алты баланың анасы, «Күміс алқа» иегері Әлия Катреноваға түрлі-түсті теледидарды табыстау үшін арнайы қонақ болып қайтты.

– Менің бес қызым мен бір ұлым бар, – деді Ә. Катренова. – Ал менің бес балам бар, әйелімді алтыншысын тууға көндіріп жүрмін, – деп жауап берді Бозымбаев.

 

Талқылау