Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысындағы түзеу мекемесінде тұтқын төбелестен соң көз жұмды

Павлодардағы АП-162/3 колониясында жазасын өтеп жатқан тұтқын түрмеде болған төбелестен кейін қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

81_main

Сурет ibirzha.kz

АП-162/3 түзеу мекемесінің ауруханасына 1988 жылы туған ер адам ауыр жағдайда жеткізілген.

“Оны құтқару мүмкін болмады. Зардап шегуші бас-ми жарақатынан қайтыс болды. Осыдан кейін сол колонияда жазасын өтеуші 36 жастағы күдікті тұтқынға алынып , ол қайтыс болған адаммен ұрысып қалып, оны қолымен де, аяғымен де ұрғанын мойындады”, – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі бұл дерек негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын да айтты.

Бұл АП-162/3 түзеу мекемесінде биылғы жылдағы тіркеліп отырған екінші өлім жағдайы. Ақпан айында бұл жерде дзюдодан Қазақстан чемпионы атанған ер адамның денесі табылған еді. Ресми нұсқа бойынша, ол терезені сындырып, өз-өзіне суицид жасаған. Алайда спортшының туыстары оны күштеп өлтірді дейді. Экс-чемпион өзінің ісіне қатысты өтетін сот отырысынан екі күн бұрын қайтыс болған.

Талқылау