Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында жемқорлық туралы хабарлаған жеті адамға бір миллион теңге берілді

Павлодар облысында 2016 жылы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған жеті адамға бір миллион теңге берілген.

news_1449

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтың айтуынша, үкімет тарапынан әкімшілік істер бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш, қылмыстық істер бойынша 40 АЕК, орташа деңгейдегі қылмыстық істер бойынша 50 АЕК, ауыр деңгейдегі қылмыстық істер бойынша 70 АЕК, аса ауыр деңгейдегі қылмыстық істер бойынша 100 АЕК көлемінде сыйақы қарастырылған.

“Кейбір адамдар жеке басының қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жарияламауды сұрайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамның өтініші бойынша есімін жасырын сақтауға кепілдік беріледі. Әлбетте, бұл хабарламалар тексеріледі. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін сол адамға тиісті сыйқасы ұсынылады”, – дейді Денис Шакенов.

ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзған кез келген мемлекеттік органның маманына қатысты деректерді 8 (7182) 37-85-86, 37-85-41 және 1424 байланыс нөмірлері бойынша CALL-орталыққа хабарлауға болады.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысы тұрғынының әйелін айуандықпен өлтірген сәті жарияланды (видео)

Әріптесін сотқа берген ақтөбелік имамның арызы жала болып шықты (фото)

Қостанай стансасының бастығы өлім алдындағы хатында не жазды

Алматы облысында ұрылар 5 миллион теңгені өртеп жіберді

Талқылау