Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында жасөспірім қыз әжесімен ренжісіп балконнан секіріп кеткен

Павлодарда он төрт жастағы қыз бала әжесімен ренжісіп төртінші қабаттан секіріп кеткен.

1865451

Бұл туралы Павлодар облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция хабарлағандай, 2017 жылы 25 наурызда 20:30-да полицияға 64 жастағы әйел адам хабарласқан. Оның айтуынша, сол күні сағат 15:30-да тоғызыншы сыныпта оқитын 2002 жылы туған немересі ренжісіп үйден кетіп қалған, кейін төртінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кетіпті.

Қолданылған шаралар нәтижесінде қыз бала Кутузов көшесіндегі үйдің екінші подъездінен табылып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қыз бала 2016 жылдан бері қамқоршысы болып келе жатқан әжесімен бірге тұрады екен. Анасы кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласына қатысты ата-ана құқығынан айырылған. Қалған үш баласы балалар үйінде. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 105 бабына сәйкес сот алды тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында бутигін адыраспанмен аластаған жігіт тірідей жанып кете жаздады (видео)

Санкт-Петербургте 32 жастағы Қазақстан азаматының өлі денесі табылды

Атырауда ер адам терезеден секіріп жарылыстан аман қалды (видео)

Астанада жантүршігерлік жол апатына ұшыраған екі қызға шұғыл түрде қан керек

Талқылау