Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Павлодар облысында «Волга» мен автобус соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды. Тағы 4 адам ауыр жараланды.

аа

Бұл туралы 31-арна хабарлайды.

Жұмысшыларын тиеген автобус таңертең Майқайыңнан Екібастұзға бет алған. Қалаға 20 шақырым қалғанда қарсы беттен «Волга» көлігі шығып қақтығыс болған. Қатты соққыдан автобус жол жиегіне шығып, суға батып қалған. Қайтыс болған екі адам суға тұншығып өлген болуы мүмкін.

«Жол апатынан автобус жол жиегіне шығып, суға батып кеткен. Салдарынан автобус жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қазір жол жөндеу жұмыстары тексеріліп жатыр. Өйткені дәл осы жерде былтыр жол жөндеу жұмыстары өткен болатын», – дейді Павлодар облысының ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов.

«Волга» көлігінің жүргізушісі ауыр деңгейдегі бас сүйек-ми жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы үш адам ауруханада жатыр», – дейді Екібастұз қалалық ауруханасының бас дәрігері Бақытбай Әуелбаев.
 
Оқиғаға жауапты сарапшылар тағайындалып, тергеу жұмыстары басталды. Олар оқыс оқиғаға кімнің кінәлі екенін анықтайды. Автобус жолаушылары көмір өндіруші компанияның жұмысшылары болған. Еңбек инспекторы да тергеу жұмыстарын бастады.

Талқылау