Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында жанармай құю кезеті үшін ұрысқандар көлікке 6 рет оқ атқан

Павлодар облысындағы жанармай құю бекетінің  бірінде ұрыс орын алып, қатысушылар көлігінің біреуіне оқ жаудырылған. Бұл туралы облыстық ІІБ-нің баспасөз қызметі мәлімдеді деп Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

strelba

Сурет  real-vin.com сайтынан алынды

Павлодар облысындағы жанармай құю бекетінің бірінде болған ұрыстан соң, қатысушылар көлігінің біріне оқ жаудырылған.

Мекеменің хабарлауынша, осы жылдың 15 ақпанында полицияға облыстық орталық тұрғыны келіп, Шарбақты-Павлодар жолында “Лада-приора” маркалы көлікке мінген бейтаныс біреулер 1996 жылғы “Тайота Хайлендер” көлігін мінген баласын аңдыған”.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бап 3-бөлім, 2-пункт бойынша сотқа дейінгі іс қозғалған.

“Щербактинск ауданы, “Арлан” арнайы ІІБ қызметкерлері шара қолданып, 21 жастағы Щебактинск ауданының тұрғынын құрықтап, аталған ауданның уақытша изоляторына қамады”, – деп хабарланған.

Тексеру барысында 15 ақпан күні Шарбақты ауылына жақын жердегі жанармай ұүю бекетіндегі кезек үшін  “Тайота-Хайлендер” мен “Лада приора” көлік иелерінің арасында ұрыс болған. Бұдан кейін “Тайота-Хайлендер” көлігінің иесі ұрыстан қашу мақсатында Павлодарға қарай жол тартқан, ал “Лада-приора” көлігінің иесі оны тоқтату мақсатында соңынан аңдыған. “Тайота-Хайлендер” көлігінің жүргізушісі мен ішінде отырған жолаушылар жүріс барысында өздерінің көліктеріне қарсы травматикалық тапаншадан оқ жаудырылғанын айтқан.

“Тайота-Хайлендер” көлігінің сыртына 6 жерден оқ тиген. Оқ пневматикалық немесе травматикалық тапаншадан атылған болуы мүмкін.

Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Талқылау