Павлодар облысында тоққа түсіп көз жұмған оқушылардың өліміне қатысты істі әкім өз бақылауына алды

Павлодар облысында тоққа түсіп көз жұмған 2 оқушының ісін өңір басшысы өз бақылауына алды. Болат Бақауов қайғылы жағдай орын алған спорт алаңын жабуды тапсырды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Павлодар облысында тоққа түсіп көз жұмған оқушылардың өліміне қатысты істі әкім өз бақылауына алды

Бұған дейін ата-аналар аталған істің тергеуі ұзаққа созылып кеткенін айтып, Бас прокуратураға шағымданатынын мәлімдеген еді. Осы жайттан кейін қала басшылығы оқушылардың өліміне қатысты іске назар аударды.

Облыс әкімінің қабылдауында болған полиция департаментінің басшысы Әубәкіров қаңтар айында істің сотқа жіберілетінін айтты. Қазіргі уақытта полицейлер сот-құрылыс сараптамасының нәтижесін күтіп отыр. Ол оқиғаға кінәлілерді анықтауы тиіс.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 16 қыркүйекте шағын футбол алаңында орын алған еді. Сол жерде 12 жасар Расул Сәденов пен оның 14 жастағы туысқан ағасы Мұса Кәрімов тоққа түсіп көз жұмды. Оқыс оқиғадан кейін футбол алаңы жабылған еді. Алайда басшылық таяуда алаңда жаттығуға рұқсат берген.

«Оқиғаны мән-жайы анықталып, сараптама нәтижесі шыққанға дейін қала әкіміне алаңды жабуды тапсырдым. Қыста оған ешкім демонтаж жасамайды. Оны толықтай жабу керек. Қазір облыстық ІІД анықтап жатыр. Біздің генерал Әубәкіров оқиғаның тергелуіне қатысты есеп беруде. Әділ тергеу жүргізіледі. Кінәлілер заң бойынша жазаланады. Іс сотқа жіберіледі», – дейді облыс әкімі Болат Бақауов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар