Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында сирек кездесетін 20-дан астам тазы итінің көзін жойған

Павлодар облысы Сәтбаев ауылының тұрғындары сирек кездесетін тазы иттерін қырып тастағанын айтып ашынды. Бір аптада ауылда 20-дан астам тазының көзі жойылған.

-заседание1, 06.08.14

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Иттерді улап өлтіріп тастаған. Тазы иті ауылдағы әрбір үйде бар.  Ауыл тұрғындары осы тұқымдағы итпен аңға шығады. Тазы тұқымының бір күшігі 50 мың теңге тұрады. Алайда, бұл ауылда иттің құжаттарын ешкім рәсімдемейді. Тұрғындар тазыларды улап өлтірген болуы мүмкін деп топшылайды. Ал, мал дәрігерлері ит өліміне тұрғындардың өзін кінәлайды.

Мамандар жақында жоспарлы түрде бірнеше қаңғыбас иттердің көзін жойған. Олардың ішінде үй иттері де болуы мүмкін.

«Қаңғыбас иттерді аттық. Тазы иттерінің иелерінде құжат жоқ. Тұрғындардың өзі қаңғыбас иттерге шағым түсірген. Иттердің балаларды қабатынын, тауықтарды жеп кететінін айтты. Ал, иттерді атып тастайтыны жөнінде алдын ала ескертілді», – дейді Баянауыл аудандық мал дәрігерлік бөлімінің бас маманы Дюсет Әмірханов.

Жіберіп алмаңыз:

Теміртауда екі азамат туысының қарызы үшін оқушы қызды пышақпен қорқытқан

Дәрігерлер құлдықтан құтылған жігіттің аяғын кесуге мәжбүр болды

Сабағына үлгере алмаған “Болашақ” студенті 25 миллион теңгені қайтаруға міндеттелді

Талқылау