Павлодар облысында өрт салдарынан екі бала көз жұмды

Павлодар облысы Шарбақты ауданында жекеменшік үй өртеніп, екі баланың өмірін жалмады.

93fbeb2a3fbefe9f1b60c3b6f1a193a3

Бұл туралы  BNews.kz хабарлайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан орталығындағы тұрғын үйдің ішінде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт болған. Салдарынан үй заттары мен қабырғалары жанды.

«Қызыл жалын 30 шаршы метрлік аумақты жалмады. Салдарынан 39 және 37 жастағы ерлі-зайыптылардың денелерін күйік шалды. Ал, көршілерінің бір жасар қызы мен 10 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Қазіргі таңда оқыс оқиғаның себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда», – деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Аудандық орталық ауруханасы мамандарның хабарлауынша, ерлі-зайыптылардың денелерінің 90%-ын күйік шалған. Қазіргі таңда олар емдеу мекемесінің жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Сырқаттарға көмек көрсету мақсатында Павлодар қаласынан бір топ дәрігер санавиация арқылы аудандық ауруханаға шыққан.

Жіберіп алмаңыз:

Көлігіне жанармай құймақ болған әйел жалаңаш қолымен өрт тудырды (видео)

Қытайда жел тұрғынның 1 жарым миллион теңгесін ұшырып әкетті

Астана атауын өзгертуді ұсынған депутат көңілге тиерлік сөз айтпауды сұрады

3 жасар Айлинді ұрғаны үшін айыпталып жатқан анасы сотты тізерлеп тұрып жалынды

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар