Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында мектеп мұғалімі балаларға асық ойнайтын үстел жасап берді

Павлодар облысы, Качир ауданындағы Трофимовка орта мектебінде еліміздегі асық ойнайтын алғашқы үстел жасалды.

20160105175437

Бұл туралы Stan.kz pavlodarnews.kz-сілтеме жасап хабарлайды.

Идея авторы Берік Әбдірахмановтың айтуынша, үстелдің диаметрі бір метрді құрайды.

«Мектебімізде тоғызқұмалақ үйірмесі бар, онда тоғызқұмалақтан басқа дойбы, шахмат және асық ойындары үйретіледі. Әр ойынның арнайы үстелі бар, ал асық ойнайтын жиһаз жоқ. Сондықтан арнайы үстелді жасауға бел будым», – дейді Б. Әбдірахманов.

Трофимовка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып еңбек ететін Берік Әбдірахмановтың айтуынша, бұл – асық ойнайтын үстелдің үшінші түрі. – «Бірінші түрі төрт бұрышты болған еді, кейін оны сегізбұрышты етіп жасадым. Алдағы уақытта мұны да түрлендіруді ойлап отырмын. Себебі ұтып алған асықтарды орналастыратын арнайы жерлер жоқ. Үстел “Ханталапай” ойынына арналған», – деп атап өтті автор.

37 жастағы шебер келешекте қазақтың ұлттық ойыны сақаны үйірмеге енгізуді жоспарлауда. Айтуынша, далада өткізілетін ойынға арнайы орын да белгіленіп қойған. Мұнымен қоса мұғалім түрлі асық ойынынан мектепішілік біріншіліктер өткізіп, оның кубогын да өзі жасайды екен.

Талқылау