Павлодар облысында маскүнемдіктен арылған анаға 4 баласы қайтарылды

Жексенбі, 3 Сәуір , 2016 19:59

5 жыл бұрын Әсем Шарипова ата-ана құқығынан айырылған еді. Енді ол сот шешімімен 4 баласын қайта өз қарамағына алатын болды.

593b179cfa9b19365e1441d0b321bb99

Суреттер: ©ЭК/Дәурен Хайргелдин

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Әсемнің кенже ұлы 9 жасқа толған. Ол анасын тек мерекелерде ғана көрген. Ал, ата-ана ретінде балаларды күтуші әйелдер қараған. Оның екі әпкесі Жұлдыз бен Сабира әр Жаңа жыл сайын Аяз атадан анасының келуін тілек еткендерін айтады.

«Мен анамның келетініне сенгем. Маған балалар үйіндегі достарым, күтуші апайлар ұнайды. Бірақ, мен анамды жақсы көрем және анамның қасында болғым келеді», – дейді көзіне жас толған Жұлдыз.

Тимур өзін сабырлы күйде ұстап, ішкі толғанысын білдіртпеді. Бірақ, сөйте тұра ішкі сырын жасыра алмады.

9965955f02658619fea83f7bf29a1389

«Мен түнімен ұйықтай алмай жүрдім. Үнемі анамды ойлайтынмын. Кездесу кезінде қалай болар екен деп абыржыдым. Күн санап, анаммен кездесу күнін асыға күттім. Әсіресе, сонғы түнді әрең өткіздім», – дейді ол.

«Мен бұған дейін балаларға келіп жүргенде, оларды алып кетпейтінін білген соң бұлай қобалжымайтынмын. Қазір қатты қобалжып тұрмын», – дейді 4 баланың анасы.

Балалар үйіне кіре сала ол балаларын құшағына алды. Бұл сәтте бірер секунд үнсіздік орын алды.  Осылайша ана мен балалар жылап көрісті.

Безымянный

Асем Шарипова өткен күндері үшін ұялатынын айтты. Ішімдікке салынған ана ол кезде аналық борышын өтеуді ұмытқан еді.

«Бұл біз үшін мұңды мереке. Нұрболат, Жұлдыз, Сабира мен Тимур менің жақындарымдай болып кеткен. Мен оларды сағынатын боламын. Бастысы олар қазір анасымен бірге», – дейді Лебяжинск балалар үйінінің күтушісі Зәуре Желдібаева.

Әсем мен балаларын оның ағасы өз үйінде күтіп алды.

«Ағам менен ешнәрсе аямайды. Оған алғыстан басқа айтарым жоқ. бірақ, мен оның үйінде ұзақ уақытқа қалу ыңғайсыз болатынын білем. Сондықтан үй алуға кезекке тұрып қойдым. Өзім құрылыс бригадасында жұмыс істеймін. Ең бастысы – балаларым қасымда. Осының өзі мен үшін үлкен бақыт», – дейді Асем Шарипова.

Дәурен Хайргелдин

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар