Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында көлік жүргізуші үш баланы өрттен аман алып шықты

Павлодар облысында жүк көлігінің жүргізушісі отқа оранған баспана ішінен үш баланы аман алып шықты. Көмір тасып жүрген Анатолий Дементьев елді мекендегі жер үйлердің бірінен түтін шыққанын байқапты. Бұл туралы КТК хабарлады.

Ақсу аудандық аймағы Беловка ауылы тұрғындарына  отын жеткізіп жүрген 24 жастағы азамат осылай өрт болып жатқан жерге барған. Іштен баланың  даусын  естіген ол- есікті сындырып кірген. Сөйтіп, қою түтіннің ортасынан 3 және 5 жастағы қос бүлдіршін  мен олардың 1 жастағы сіңлісін аман алып шыққан. Баспананың түгі қалмай жанып кетті. Ал, ыс тиген үш бала ауруханаға жеткізілді. Өрт тұтанған сәтте олардың әкесі жұмыста болса, анасы дүкенге шығып кетіпті.

«Есікті бұзып ішке кіргенімде екі баланың бейнесін көрдім. Түтін ортасында тұрған оларды дереу сыртқа алып шықтым. Сөйтсем, біреуінің қолында кішкентай сәби бар екен. Ата-аналарың қайда деп сұрағанымда, әбден шошып қалған қыздар түк айта алмады»,- дейді жүк көлігінің жүргізушісі Анатолий Дементьев.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда су жаңа Rolls-Royce көлігі дүкеннен шығып бара жатып, витринаға соғылды

Петропавлда өрт кезінде анасы егіз балаларымен қаза тапты

Шымкентте 8 адам газға уланып аурухана түсті

Алматыда жол-көлік апатынан тоғыз адам аурухаға түсті

Талқылау