Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында қаза болған отбасының артында қалған екі қызға үй берілетін болды

Павлодар облысы Баянауыл ауданында қайтыс болған отбасының артында қалған екі қызға үй берілмек.

Баянауыл аудандық әкімдігі екі қызға ауданнан бір бөлмелі пәтер берілетінін мәлімдеді. Бұл отбасы аз қамтылғандар санатына жатқан. Оқыс оқиға болған түні отбасының екі қызы қалада оқуда болған. Олардың бірі колледждің  1-курс, бірі 2-курс студенті, деп жазады pavlodarnews.

Облыстық полиция департаменті аталған оқиғаны растады. Отбасының иіс тию салдарынан уланғанын мәлімдеді. Қазір сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, өткен түні иістен улану салдарынан көпбалалы ана Наталья Бекбатырова мен оның азаматтық некедегі күйеуі, 2004 және 2007 жылы туған екі баласы мерт болған еді. Балалардың туған әкесі 2014 жылы өмірден өткен.

Отбасы асыраушысынан айырылған отбасы ретінде ай сайын 50 мың теңге жәрдемақы алып отырды. Ал, азаматтық некедегі ер адам вахталық әдіспен жұмыс істеген.

Отбасы мүшелеріме хабаласа алмаған туысы олардың үйіне барғанда, есігі жабық тұрған екен. Есік ішінен ілінген. Марқұмдардың денесі сараптамаға жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау