Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында із-түссіз жоғалып кеткен жас жігіт өлі табылды

24 жастағы Мақсұт Әділбаевтің денесін Екібастұз ауданынан тапқан полицейлер, оның өліміне күдікті 2 адамды тұтқындады, – деп хабарлайды ктк арнасы.

ipU4SHEDnXU

Тергеу мәліметінше, күдіктілердің бірі марқұмның әріптесі екен. Ол еріктілер тобымен бірге өз құрбанының денесін іздесіп, жұрт назарын басқа бағытқа бұруға тырысып келген. Ақырында иісшіл иттер қан іздері бар қаскөйдің көлігін тапқан соң барып, күдікті сыбайласымен бірге ұсталды. Ал марқұмның туыстарының айтуынша, былтыр күзде Мақсұт Әділбаевқа әріптесі банктен 850 мың теңге несие алғызған. Соны төлегісі келмегендіктен өлтірген болуы мүмкін деп болжайды. Естеріңізге салсақ, қазанның 25-і күні үйінен кеткен Мақсұт Әділбаев сол күйі оралмай, туыстарының шағымы бойынша полиция іздеу шараларын жүргізген болатын.

Талқылау