Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында газ баллоны жарылып адамдар қаза тапты

Павлодар облысында жантүршігерлік оқиға! Газ баллоны жарылып, бүтін бір отбасынының шаңырағын ортасына түсірді. Өртенген үйде ерлі-зайыптылар, олардың 10 жасар ұлы мен көршінің бір жасар қызы болған екен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

еааа

Балалар ауруханаға жетпей жан тапсырса, 47 жастағы үй иесі жан сақтау бөлімінде тілге келместен кетті. Ал денесін 90 пайыз күйік шалған оның әйелі хал үстінде жатыр.  Мұнда ащы күйіктің иісі әлі де бар. Баллон жарылғанда үйде төрт адам болған. Ерлі-зайыптылар мен олардың 10 жасар ұлы – Никита Сенник, сосын көршісі қарауға қалдырып кеткен кішкентай Ева Кургузкина. Күйік шалғандардың шыңғырған дауысын бірінші боп көшедегілер естіп, дереу жетіпті.

“Дүкеннен келе жатыр едім, қарасам, үй өртеніп жатыр. Ащы дауыстар естілді. Бірден жүгіріп бардым. Есік алдында 1 жасар қыз тұрды. Үстінде кіиімі жоқ, күйіп қалған. Көтеріп сыртқа шығардым”, – дейді Шарбақты ауылының тұрғыны Виталий Гуров.

Ауыр жарақаттардан екі бала да ауруханаға жетпей бақилық болды. Үй иесі – Сергей Сенникті де ажалдан арашалау мүмкін болмады. Оның денесі түгелдей күйіп кетіпті. Ал 38 жастағы әйелі Линаны 90 пайыз күйік шалған. Өмірі қыл үстінде тұрған келіншекті аман алып қалуға дәрігерлер барынша тырысып жатыр.

“Бар күшімізді салдық, дегенменде 3 адамды құтқару мүмкін болмады. Денелерін қатты күйік шалған. Бастапқыда, шок жағдайында есін жиғанымен, кейін ауыр жарақаттардан көз жұмды. Қазір әйелдің өмірін сақтап қалуға тырысып жатырмыз, бірақ оның да жағдайы аса ауыр”, – дейді Шарбақты аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қарлығаш Ибрагимова.

Ал үш бірдей адамның өліміне себепші баллон газға тіпті қосылмаған болып шықты. Көгілдір отынға толы металл құты пештің қасында қалып қойып, ақыры шыдас бермей жарылған екен. Шарбақты ауылының тұрғындары қазір жандарын жаппай шүберекке түйіп отыр десе де болады. Өйткені, елді мекен мүлде газдандырылмаған. Сондықтан, жұрттың бәрі өртенген отбасы секілді тек газ баллонын тұтынады екен.


Жіберіп алмаңыз:

Маңғыстауда 29 жастағы ер адам өзін өзі өртеп жіберді

Ұлттық символды аяқ астына таптаған ағылшын тілі орталығы тұрғындардың ашуын келтірді

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен жігіт үшін туыстары 1 миллион теңге беруге дайын

Алматы тұрғынының балалар үйінен асырап алған ұлын 2 жылдан соң тастап кеткен анасы қайтып алмақ

Талқылау